Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР КӨКЖИЕГІ
    Айғақ TV

    ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР КӨКЖИЕГІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.08.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жастарды қолдауға бағытталған жұмыстар республиканың барлық аймақтарында басталып та кетті. Кәсібін бастаймын деген жастарға арналған игі істер мегополистерде де жүзеге асуда. Жастарға арналған жеңілдетілген несие. Жалпы, Шымкент қаласында бүгінде 132 азаматқа қолдау көрсетілген, жыл соңына дейін бұл есепті 250 азаматпен толықтыру көзделіп отыр. Жеңілдетілген несие кәсібін енді бастап отырған немесе кәсібін әрі қарай дамытқысы келген өскелең ұрпаққа зор көмегін тигізуде. Бұл жобаның негізгі шарттары несие соммасы 5 миллион теңгеге дейін, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайыз. Несие мерзімі бизнес түрлеріне қарай мал шаруашылығына 7 жылды құраса, басқа бизнес жобаларына 5 жылға дейін беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша келіп түскен бизнес жобалары ауыз толтырып айтарлықтай көп, кәсіпкерлер мал шаруашылығына басымдық беріп отыр. Несие алушыға қойылатын негізгі талаптар өтінім берген кезде алушының жасы 21 жастан 35 жасқа дейін болуы шарт, кәсіпкердің жеке басында мемлекеттік несие болмауы керек. Күн сайын комиссия мүшелері 40-қа жуық кәсіпкерді қабылдап отыр. Ет, сүт, ауыл шаруашылығын дамыту жоспарларынан бөлек ұйымдастырушылар жастардан жаңа серпіліс күтуде. Мәселен, жас кәсіпкер Арқас Күзембай 2-3 жылдан бері жиһаз өндірумен айналысады, өзінде ағаш станогы болмағандықтан, кәсібін өрге дөңгелету мақсатында шағын несиеге жүгінген. Кәсібіне қолдау көрсетілсе қол астындағы жұмысшылар санын арттырып, жиһаз цехын кеңейтуді көздеп отыр. Мемлекеттік қолдау жас кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетуіне зор мүмкіндік. Өтінімді «Аграрлық несие корпорациясы» Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.