2023 жылдың 6 айында Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі ұлғайған. Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы баяндады. Брифинг барысында салада атқарылған жұмыстарға есеп беріп, іске асырылатын жоспарлармен бөлісті.
Қаңтар-маусым айларында мегаполис аумағындағы ретсіз сауда орындары анықталып, 728 хаттама толштырылған. Белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғалардан 1 406 122 теңге айыппұл өндірілген. Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриялды-инноваиялық даму басқарма басшысы Біржан Әзімбердиев брифингте баяндады. Биыл алғашқы алты айда мегаполиске тартылған инвестиция көлемі 223,6 млрд теңгені құраса, жыл соңына дейін көрсеткішті 721,7 млрд теңгеге жеткізу жоспарда бар.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау үшін бюджеттен 2023 жылға 19,9 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 13,9 млрд. теңгеге 3 516 жоба жүзеге асырылып келеді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» шеңберінде 3 301 жобаға 13,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетілген. Одан бөлек «Іскер қала» іс-шара жоспары бойынша 215 жоба іске асқан.
Мегаполисте 6 айдың қорытындысы бойынша биыл 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Ал жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адам жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 18,8%-ға өскен.