Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
    Айғақ TV

    «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.08.2023Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үшінші мегаполисте «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйымдастыруымен Тұран аудандық «Мансап» мекемесінде кезекті «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Мұнда Шымкент қаласындағы үздік және танымал жұмыс беруші компаниялар, мемлекеттік мекеме мен ірі кәсіпорындар жиналған. Жәрмеңкеде жастарға 4 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Сала мамандары жұмыс іздеушілердің мүддесін көздей отырып, шара барысында жалақы, еңбек шарттары мен қауіпсіздігі жөнінде толық мағлұматтар берді. Жәрмеңке сондай-ақ қалалық «Жастар Ресурстық» орталығы және «Жастар рухы» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Жұмыспен қамтуға бағытталған шара бірінші кезекте халықтың мүддесін көздейді. Мақсат — жұмыс берушілерді тарта отырып, жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектерін еңбекпен қамту. Жәрмеңкеде білім беру, медициналық, техникалық, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі мен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша 4 мыңнан астам уақытша және тұрақты бос орындар ұсынылды. Жұмыс беруші 35 мекеме азаматтарды еңбек шарттары және жалақы көлемімен таныстырып, мансап жолын бірге бастауға шақырды. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл 57 мың адамды жәрмеңкеге қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 16 мыңнан астам халықты жұмысқа орналастыру көзделген, бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға қызығушы халық саны аз. Атап айтқанда, «ЭКО ФАРМ» мекемесі 100-ге жуық бос орындарды ұсынған, дегенмен жұмыссыз жастардың белсенділігінің төмен болуына байланысты бос орындар өз жұмыскерлерін әлі де күтуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.