Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
    Айғақ TV

    «БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.08.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Халықаралық жастар күніне орай, үшінші мегополисте Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Базар жастар лигасы» турнирі басталды. 2 аптаға созылатын бұл байқау базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау. Турнир екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — ұлдар арасында футболдан, екінші кезең — қыздар арасында волейболдан өтеді. Айта кетейік, қыздар арасындағы волейбол жарысы турнирге биыл алғаш рет қосылып отыр. 2 аптаға созылатын жарыстың алғашқы ойынын жігіттер ала доппен ашып береді, әр кезең 1 апта жалғасын тауып, жұма күндері марапаттау кеші өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл тек базар құрамалары ғана емес сауда орындарындағы жастар да өз өтінімдерін берген. 200-ге жуық өтінім түсіп, ережеге сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталған. Ашылу рәсіміне «Жастар ресурстық орталығының» басшысы қатысып, барша жастарды халықаралық жастар күнімен құттықтап, турнирге сәттілік тіледі. Турнирдің мақсаты — базар және сауда орындарындағы жастарға бос уақытын тиімді ұйымдастырып, жастар арасында бұқаралық спортты наихаттау. Жарысқа 14 жастан бастап 35 жас аралығындағы ерлер қатысуда.  Ерлер арасындағы футбол жарысына Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген 4 төреші алқасы тартылған. Ұлдар арасындағы апта бойына жалғасқан турнир — 11 тамыз күні аяқталып, марапаттау рәсімі өтеді. Турнир ережесі негізінде 1,2,3 орын иегерлері анықталып, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы дипломдар мен жеңімпаз командаға кубок табысталады. Турнирдің екінші кезеңі 14 тамыз күні қыздар арасында волейболдан өтетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.