Мегаполисте бірқатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп келеді. Соның бірі – Әкімшілік іскерлік орталығындағы ғимарат. Қала басшысы Мұрат Әйтенов 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосындағы жұмыстарды бақылап, сапаны қадағалады.
Жоспар бойынша бұл нысан тамыз айында аяқталып, пайдалануға тапсырылуы тиіс. Монтаждау, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары 80 пайызға аяқталған. Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.