Шымкент каласы аумағында 109 өрт тіркелген. Материалдық шығын 552 млн. 742 мың теңгені құраған. Өткен жылдың қортындысмен өрт жағдайы 3 есеге артқан. Нәтижесінде өрттен 8 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге өскен.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде 93 жоғарғы қабатты тұрғын үй есепке алынған. Егер, Көпқабатты тұрғын үйлерде жоғарғы қабаттарда өрт шыққан жағдайда дүрбелеңге түспей, сабырлы және ұйымшыл әрекет етіп, оттың жолын жабу үшін есіктерді мықтап жабу керек екенін ескертті Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Эльмира Уалиханқызы.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










