«Ашамайлы атқа міндің,
Мұсылмандық таққа міндің.
Сүндетке отырғаның – иманды болғаның,
Тойын тойлап, думанды болғаның», – деп ата-бабаларымыз балаларын сүндетке отырғызатын. Ата дәстүрмен 100 шақты отбасының қуанышына себеп болған Номері 1 ші қалалық балалар ауруханасының ұйымдастырып отырған акциясы. Бүгін мұнда кіші немересін жетектеп келген екен. Акция бойынша мәліметті фейсбук парақшасынан көріп, аурухана әкімшілігіне дер кезде байланысқа шығып, өз немересін кезекке қойған екен.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген осы бір игі дәстүрін қазіргі таңда медицина да қуаттап, денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеуде. Білікті мамандар бүгінші акцияда лазермен кесу әдесін қолдануда. Бұл әдістің ешқандай зияны жоқ көрінеді. Себебі, гигиеналық талаптарға сай жабдықталған.