Балапан атты халықаралық көгершіндер көрмесі өтті. Шараға Бішкек, Ташкент, Алматы, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларынан арнайы келген көгершін баптаушылары қатысты. Бейбітшілік симболы саналатын көгершіндердің 100-ден астам түрі келушілер назарына ұсынылды.
1500-2000-ға жуық бас көгершін бүгінгі Зообақа келушілер үшін үлкен ерекшелік болды. Мамандар алдағы таңдада бұл шара өз жалғасын табады дейді.
«Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті» дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні — құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершін құсы. Дәл осы құспен жақын танысу бүгінгі зоббақа келушілерге мүмкіндік берді.









