• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АЛТЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

19.07.2023
0

Шымкент қаласының мегаполис статусын алғанына биыл 5 жыл толды. 2200 жылдық тарихы бар көне қала осы күнге дейін сындарлы шақтардан өтіп, бүгінде еліміздегі шоқтығы биік бірден бір қалаға айналып отыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан өңірде бүгін 6 нысан халық игілігіне беріліп отыр. Оның ішінде 5-еуі жастарға арналған әлеуметтік ғимараттар. Жаңа мекемелердің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді қала күнімен құттықтап, мегаполистің күн сайын дамып келе жатқанын алға тартты. Мәселен жастардың сұранысына орай Абай саябағы аумағынан скейт парк ашылды.  Экстремалды спорт түрлерімен шұғылдануға арналған қоғамдық кеңістік қалада әзірге осы бір жерде ғана бар. Алдағы уақытта жаңадан салынатын барлық саябақтардың құрылыс жоспарына осындай алаңшалар салу жұмыстары енгізілмек.

“Скейт элементтері бар алаң жастарымыздың сұранысы бойынша қолға алынды. Өскелең ұрпақтың өтінішін ескеріп, жаңа нысанды Қала күніне орай пайдалануға бердік.  Біз қашан да осындай ерекше жобаларға қолдау көрсетуге әзірміз” – деді М. Дүйсенбекұлы.

Қаламыздағы скейт элементтері бар алғашқы алаңда скейтбординг, BMX сияқты спорт түрлерімен шұғылдана  алады. Бұл жаңа кеңістік бұрынғы Дельфин аквапаркінің аумағында орналасқан, онда скейтпен сырғанау алаңынан өзге воркаут аймағы, көше тренажерлары, роллердром, баскетбол алаңы, және әткеншектері бар тыныш аймақ та бар.  Занауи талапқа сай жабдықталған скейт парк мегаполис жастарының уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін орталыққа айналмақ.

—  Менің велоспортпен айналысып жүргеніме 2 жылдан асты. Бұған дейін тұрғын үй аулаларындағы шағын алаңшаларда, көше бойында жаттығып, уақытымызды өткізетінбіз. Енді міне өте үлкен скейт парк салып берді, рақмет. Алдағы уақатта достарымызбен келіп, осында жаттығытын боламыз,- деді қала тұрғыны Бауыржан Әбішев.

Жастар үшін тағы бір жағымды жаңалық. Қала күні мерекесі қарсаңында №2 балалар саз мектебінің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді. Бұған дейін 1958 жылы ашылған ғимаратта білім алған оқушылар бүгін заманауи өнер ордасына көшірілді. Қайта жаңарған мектепте 1164 оқушы 13 бағыт бойынша үйірмелерге қатысады. Қыркүйек айынан бастап тағы 500 оқушыны қабылдау жоспарланған. Балаларға білікті, академиялық-консерваториялық білімі бар 112 ұстаз сабақ береді. Ал мұндағы астпаптар арнайы Германия зауытынан тапсырыспен алынған. Саз мектебінде балалар мектептен тыс қосымша білімдерін жетілдіріп, тұла бойындағы ерекше қабілеттерін шыңдай алады. Мәселен, мұнда оркестрге арналған ұлттық саз аспаптар, үрмелі аспаптар класы бар. Атап айтсақ, домбыра, қобыз, саксофон, флейта, рубаб кластарымен бірге фортепиано, хореграфия, вокал, көркемсурет, хор орындау — бұлар қаламыздағы мектеп оқушыларын әр қырынан толықтай ашады. Үш қабатты ғимараттың техникалық жабдықталу жағы жоғары сапада жасалған. Би өнеріне арналған кең, ауқымды залы 150 шаршы метрді құрайды. Мектеп түлектері халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары. Саз мектебінің ашылу сәтінде көпшілік осында оқитын балалардың қолөнер туындыларын тамашалап, ән-би тобының концертіне ризашылықпен қол соқты.

«Қала күні» мерекесіне орай тағы бір әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.  С.Королева атындағы №45 мектеп-гимназияның қосымша 300 орындық корпусының ашылу салтанаты өтті. Үш қабатты қосымша ғимараттың құрылысы былтыр басталған. Спорт залы, жаттықтырушы бөлмесі, психолог пен логопед кабинетімен қамтылған нысан заманауи құралдармен жабдықталған.  Қала күнімен тұспа-тұс келген ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Айта кетейік, жазғы демалыс кезінде мұндағы мектеп жанынан балалар лагері ұйымдастырылған. Мектептен тыс уақытын тиімді пайдалану үшін лагерьге келген оқушылар бұл күні өз өнерлерін көрсетті, қылқалам туындыларын ұсынып, ән мен күйден әсерлі, әдемі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, жаңа корпуста күзет бөлмесі, асханадан бөлек, информатика және АКТ, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих, география, ағылшын тілі, химия, физика, биология пәндеріне арналған кабинеттер мен STEM кабинет және дебат қозғалысына арналған кабинет бар. Мұнан бөлек физика, химия және биология зертханалары да қарастырылған. Ал мектеп-гимназияның ауласында балалар алаңы мен шағын футбол алаңы салынған. Осылайша қаламызда үш ауысымды мектептер мәселесі бірте-бірте биыл шешімін табатын болады.

Сонымен қатар, Бозарық шағын ауданындағы жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. №20 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бұқаралық спортты дамытуға мүмкінлік беретін заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратты аралап көрді. Спортты серік еткен елдімекен жастары енді қала орталығына қатынамай  жақын аумақтағы жаңа үлгіде бой көтерген нысанда спортпен шұғылданатын болады. Спорт мектебі екі ауысымда 10-23 жас аралығындағы 1000 баланы қабылдай алады. Бүгінде мұндағы түрлі үйірмелерге 500 бала қатысуда. Қызығушылық танытқан жастар үшін мектеп есігі ашық, қабылдау тегін. Алдағы жылдары осы секілді спорт мектептерінің санын арттыру көзделуде. Сәулетті нысанның төменгі қабатында қажетті платформалармен  жабдықталған ауыр атлетикаға арналған спорт залы мен әмбебап залдар қарастырылған. Ал жоғары қабатта жаттығу алаңдары, теннис үстелі, өрмелеу арқаны, дзюдо татамиі, бокс рингі және ауыр атлетикамен белсенді айналысуға қажетті қосымша жабдықтар орнатылған.  Сонымен қатар ғимаратта асхана, медпункт, массаж кабинеттері де бар. Спорт кешенінде ауыр атлетикадан, бокстан, еркін күрес пен грек-римнен, дзюдодан, пауэрлифтингтен, қол күресінен топтар ашылатын болады.  Озық үлгіде бой көтерген бұл мектеп жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

—  Мен өте қуаныштымын елдімекендерде жастар үшін осындай керемет кешен ашылғанына. Мұндай спорт кешені елімізде өте сирек кездеседі. Ішінде барлық жағдай жасалған. Олимпиадалық жаттығу жасауға қолайлы. Осы жерден әлемге танымал спортышалар шығуына тілектеспін,- деп, ауыр атлетикадан Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы  өз құттықтауын білдірді.

Шымкент жұртшылығы көптен күткен «Нұрсәт» шағынауданында бой көтерген Оқушылар сарайы Қала күніне орай қолданысқа берілді. Мегаполистің кескін-келбетін айшықтайтын 500 орындық сәулетті ғимарат балалар шығармашылығын дамытуға жол ашады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа алаңды аралап көрді.

“2025-2026 жылдарға дейін қаламызда тағы 3 өнер мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Тұран шағынауданында қазір бір мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, алдағы уақытта әр ауданда Оқушылар сарайы іске қосылады. Мұндай орталықтар жас буынның шығармашылығын шыңдап, жан-жақты дамуына жол ашады” – деді М. Дүйсенбекұлы.

4 ауысымда жұмыс істейтін ғимаратта бассейн, күрес, жекпе-жек, үстел теннисі ойындарының залдары орналасқан. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау үйірмелері жұмыс істейді. Ал ғылыми-техникалық секторда 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелері ашылады. Музыкалық білім бөлімінде дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, вокал студиясы бар. Сондай-ақ балалар мұнда футболға баскетбол мен волейболға қатысып, воркаут алаңында дене шынықтыра алады. Сән-салтанаты келіскен әсем ғимаратта оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді үйлестіре отырып, қарым-қабылетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Сапалы жабдықталған ғимаратта балаңыздың білім алғанын қаласаңыз «Миндаль» қосымшасы арқылы кезекке тұрып, құжат тапсыруыңыз қажет.

Биыл ҚР Суретшілер Одағына 90 жыл толып отыр. Мерейтойға орай, қала күнінде Орталық саябақта Шымкент қаласы суретшілері бұрышының ашылу салтанаты өтті.  Мақсат — ұлттық мәдениетті дәріптеу, суретшілердің өнер туындыларын насихаттау болатын. Нысан сурет салу өнерінен сыр шертіп, қала тұрғындары арасында шағырмашылық кластерінің дамуына ықпал етеді. Арнайы кеңістіктің жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов мұндай орындар қалаға аса қажет екенін айтты.

–«Суретшілер өз туындысын осы арт-кеңістігі арқылы қала тұрғындарына ұсына алады. Бұл қоғамдық орындарды жаңғырту мен қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастырудың бір түрі. Бүгінгі галерея тек бастамасы ғана. Біз алдағы уақытта үлкен орталық ашу үшін жоба жасап жатырмыз. Онда суретшілер мен қолөнер шеберлері бір орталыққа ұйысып, ұлттық өнеріміздің жаңғыруына, өскелең ұрпаққа ұлттық өнерімізді дәріптеуге қызмет ететін орынға айналады», — деді қала әкімі.

Шабыт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын арт-кеңістікте суретшілердің жаңа туындылары қойылған. Қылқалам шеберлері арнайы кеңістіктің ашылуы Қазақстан Суретшілер Одағының 90 жылдығына тұспа-тұс келгеніне қуанышты. Суретшілер Одағының мүшесі Батухан Байменнің айтуынша, суретші өзі ойдан құрған әлемде өмір сүре алады екен.

-«Әр суретшінің стилі, техникасы, бағыты, жанры, мінезі, қолтаңбасы, өмірге деген көзқарасы бір-біріне ұқсамайды. Әрбір суретші көрерменді ең алдымен бейнелеу өнерінің қиын түрін таңдап алуымен және графика сияқты шектеулі өнерден де шыңырау тауып, соның тереңіне бойлай білген шебер ретінде қызықтырады», — деді.

Жалпы, қаламызда 5 жыл алдын 20 суретші болса, бүгінде олардың саны 30-ға жетіпті.  Қылқалам шеберлері осы орынға келіп, халыққа өз туындыларын таныстыруға және сатуына болады. Бүгін таңнан бері саябаққа келушілер суреттерді тамашалап, суретшілерге қызықтырған сұрағын қойып, жылы сұхбат құруда. Тұрғындардың өнерге деген қызығушылығы жоғары. Арт-кеңістік суретшілерді халыққа бір табан жақындатып отыр.

Арт-кеңістікте жас суретшілерге шеберлік сабақтары да ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, бұл орын қаламыздағы жаңа таланттарды ашып, әрбір суретшінің өзін таныта алатын тамаша орынға айналады. Көрме барлығына ашық!

Барша шымкенттіктердің ортақ мерекесі — қала күні құтты болсын! Мегаполис жаңарып, жасарып, сәні мен салтанатына сай көркейе берсін.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.