«Аманат» партиясының құрамы 9 журналистпен толықты. Шымкент қаласында болып жатқан оқиғалардан халықты хабардар етіп жүрген белгілі БАҚ өкілдері бүгін филиал төрағасының қолынан партия куәлігін алды. Ресми түрде мүшелікке енген азаматтар алдағы уақытта қоғамда болып жатқан мәлелерді партиямен бірлесе отырып шешуге ат салыспақ. Салтанатты рәсім барысында мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы алатын рөлі зор екенін атап өтті. Сондықтан да, бірлесе отырып, халықтың мүддесін қорғап, қаламызды бірге дамытуға шақырды. Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қалалық партия филиалы бойынша 28 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 38 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.