23-маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні. Атаулы дата 2014 жылдан бері аталып келеді. Осы орайда республика деңгейінде «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауы өтті. Онда Шымкенттік Әділет Департаментінің бас маманы үздік атанды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өткізген сайысына еліміздің әр аумағынан 300-ден астам қызмет көрсетуші қатысқан. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын мамандарды байқауға түсірудегі мақсат – қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру. Индира Ералықызы конкурсқа қатысып, өзінің жұмысын таныстырған, жұмыстың сапасы бойынша «Адамдар ең алдымен» тақырыбында жоба қорғады. Осылайша Әділет Департаменті атқарушылық-өндірушілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы үздік атанды. 18 жылдан бері жауапты қызметті абыроймен атқарып келе жатқан ол жұмыс барысын түсіндірді.
ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...








