Шымкентте Астана күні атап өтілді. 6-шілде күні “Арбат” демалыс аймағында Елорданың туған күніне орай концерттік бағдарламалар қойылып, қала халқы белсенділік танытты. “Астана- Ұлы дала елордасы” атауымен өткен мерекелік кеште жергілікті эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қызықты ойындар ойнатылды. Шараға қаламыздың шалғай елді мекендерінен тұрғындар арнайы келіп, тағылымы зор кешке куә болып қайтты.



