Еңбекші ауданында Астана күніне орай ашық аспан астында концерт өтті. “Еңсесі биік Елорда-ел мақтанышы”атты мерекелік шара 12-ші шағынауданында орналасқан гүлзарды әсем кейіпке енгізіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Думанды кеш барысында,Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев кеш қонақтарын құттықтап, ауданның экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына белсене үлес қосқан кәсіпкерлерге, көше мен үй комитетінің, қоғамдық бақылау кеңесінің төрағаларына алғыс хат табыстады.
АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...










