Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСТІҢ КӨМЕГІ ҚАНДАЙ?
    Айғақ TV

    ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСТІҢ КӨМЕГІ ҚАНДАЙ?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.07.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    1 шілдеден бастап кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды 14,5 пайызға арттыру көзделген. Әсіресе мүгедектік бойынша төленетін төлемдерді ұлғайту әлеуметтік кодексте кеңінен қаралыпты. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін де жаңалықтар бар. 1 шілдеден бастап тағы не өзгереді бұл туралы Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарымбетова толығырақ  ақпарат берді.

    2020 жылғы қыркүйектегі екінші жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекс әзірлеуді тапсырған болатын. 2023 жылдан бастап қабылданған жаңа құжатта жәрдемақы, атаулы көмек, міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы  туралы заңдар қамтылған. Бұл кодекстің басты міндеті — мемлекеттен кім қандай жағдайда нендей көмек ала алатынын нақты бекіту. Еліміздегі барлық қолдау шараларын қайта қарау нәтижесінде біршама қуантарлық өзгерістер енгізіліп отыр. Мәселен, 1 қаңтаран бастап Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Цифрлық карта құжаттармен жасалатын жұмысты жеңілдетіп, 9 түрлі қызмет түрін онлайн алуға мүмкіндік береді.

    Ал, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілген азық-түлік себеті 1 қаңтардан бастап ақшалай берілуде.  6 жасқа дейінгі әр балаға төленетін қаржы 5175 теңгені құраған. Шымкент қаласы бойынша 5257 азаматқа смс хабарлама жіберіліп, оның ішінде 4673 отбасыға тағайындалған. Одан бөлек, жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіге арналған Еңбек мобильді орталығын ашу жұмыстары осы әлеуметтік кодекс аясында жүзеге аспақ.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін жеңілдету  мақсатында жүзеге асқан Әлеуметтік кодекс мүмкіндігі шектеулі жандарғы көп көңіл бөлген. Қаржылай мүмкіндігін арттырып қана қоймай, оларға қарайтын күтуші мамандардың жұмысы да енді  ресми түрде болмақ. Немесе ерекше күтімді қажет ететін азаматқа қарап отырған отбасы мүшелеріне де еңбекақы мен әлеуметтік аударымдар төленеді.

    Бұған дейін  шипажайларға берілетін жолдаманы мемлекет тек мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғана қаржыландырып берсе, енді онымен бірге баратын қамқоршысының да шығынын, нақтырақ айтсақ 70 пайызын өтеп береді. Бүгінгі күні Шымкент қаласында 39 мың ерекше күтімді қажет ететін жан болса, оның 8 мыңы балалар.

    АЙҒАҚ-АҚПАРАТ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.