Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, кластерлік жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан, биогумуспен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің органикалық өнімдері қаламыздағы «Қырғы базар» сауда орталығына нарыққа шығарылды.
Қазіргі уақытта, елімізде органикалық тыңайтқыштар қолданып өсірген көкөніс пен жеміс-жидектерге халықтың қызығушылығы артуда. Органикалық тыңайтқыш яғни биогумус және басқа да органикалық тыңайтқыштар қолданып өсірген жеміс-жидектердің құрамында химиялық қоспалар болмауына байланысты, адамның ағзасына пайдалы қажетті дәрумендер көп болып табылады.
Осыған сәйкес, өнімдердің құрамындағы дәрумендердің көлемін халыққа көрсету мақсатында қаламыздағы санитарно-эпидемиологиялық станциясына қарасты зертхана мамандары сауда орталығына келіп, өнімдерге тексеру жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақытта, қала халқын дәрумендерге мол көкөніспен жеміс-жидектермен қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігінің қолдауымен органикалық өнімдердің көлемін арттыру жоспарлануда.