26 маусым — Халықаралық есірткімен күресс күні. Атаулы күнге орай қаламыздың дәрігерлері бас қосып, нашақорлықтың алдын алу жоспарын ұсынды. Елімізде есірткіге тәуелділер саны -18243 адамды құрайды. Ал қаламызда наркологиялық есепте тұратын нашақорлар саны 938-ге жеткен. 1987 жылдан бері әлем нашақорлық және есірткі бизнесімен күресіп келеді. Ресми статистикалық деректерге сүйенсек еліміздегі нашақорлар саны көбеймесе, азаймай тұр. Ең өкініштісі есірткіге тәуелділер қатарында 1498 әйел мен 97 кәмелетке толмаған балалар бар. Адам өмірінің қас жауын құрықтау мүмкін болмай тұр. Арнайы мамандардың сөзінше, есірткіге әуестік қарапайым темекіден де басталуы мүмкін. Қол шықса жең ішінде деген ұғыммен өмір сүретін отбасылар балаларының не туыстарының зиянды әдеттерін айтпайды, олармен ашық сөйлеспейді. Осылайша, елімізде нашақорлар саны арта береді дейді.
Ішкі істер органдары өзге де мемлекеттік органдармн бірлесе отырып, есірткіге тәуелді азаматтарды құрықтап, тиісті шараларды қолданып келеді. Үшінші мегаполисте ағымдағы жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша есірткімен заңсыз айналысқандар құрықталған. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін 100-ге жуық есірткі қылмысы анықталып отыр.











