Талай талантты балаларды талаптандырып, қанаттандырып түлеткен Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатына биыл 23 жыл толып отыр.
Атағы асқақтаған мекеме өңірлік деңгейде ғана емес, республикалық, халықаралық өнер додаларында топ жарып келеді. Айтыстың ақтаңгері атанған Маржан Есжанова басқаратын мектеп бүгін шығармашылық есеп концертін өткізді. Ширек ғасырға жуық тарихы бар өнер ордасы бүгінде 200-ден астам суретшілер мен ақындарды оқытуда. Өнер ордасының өрендері суретшінің мол мұрасын танып, ізін жалғастыруға бел байлап отыр. «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты мерекелік кештің ерекшелігі — мектеп түлектері мен бүгінгі шәкірттер бірігіп өнер көрсетті. Көрермендер ақындар айтысы, дәстүрлі әнші- термешілердің әуелеген әні, оркестрдің күмбірлеген күйі, эстрадалық вокалды топтар мен жеке орындаушылардың шеберлігін тамашалады.

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










