2023 жылы 7 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде, 6 нысан құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланса, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, биылғы жылы Конгресс-холл құрылысы мен 4 спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Атап айтқанда, «Метталург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат салу, Бозарық ш.а. ауыр атлетика мектебінің құрылысы, Желтоқсан көшесіндегі медициналық колледждің спортзалын салу жұмыстары.
2023 жылдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метр құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік-38, арендалық-29) пайдалануға беру жоспарланған.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Тұран ш/а 1 көпқабатты тұрғын үйдің (54 пәтер) құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды.
9 мамыр, 2 үй маусым, 6 үйді шілде айында тапсыру жоспарлануда. Бозарық ш/а 49 үй (1960 пәтер, 146,6 мың шаршы) қыркүйек – қазан айларында пайдалануға тапсыру жоспарлануда.














