Шымкентте төтенше жағдайлар департаментінің бұйрығы бойынша қала әкімінің қатысуымен жалпықалалық сейсможаттығулары өтті. Негізгі оқу орны ретінде Нұртас шағын ауданындағы тұрғын үй кешені белгіленген. Дабыл соғылысымен, көпқабатты үйдің тұрғындарына құтқарушылар дереу келіп жетеді. Осы көріністі негізге алып, оқу жаттығуы көрсетілді. Аталған дайындық шарасына, 14 бірлік негізгі, арнайы және қосалқы көлік құралдары мен 20 шұғыл топ біріктірілген.

Естеріңізге сала кетейік, шаһарымыз 7-8 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 2 немесе одан да әлсіз, сезілмейтін жер асты дүмпулері орын алады.
Бұл ретте қала аумағында максималды жер сілкінісі тіркелмеген.









