• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қаңтар 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ҚАБЫЛДАДЫ

16.05.2023
0
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Жиында Ұлттық банктің 2022 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Іс-шараға Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылғы ақша-кредит саясатының жүзеге асырылу нәтижелері, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі жөнінде баяндалды.

Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканы долларлау көрсеткіші 31,6 пайызға азайғаны, екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23,3 пайызға артып, 22,8 триллион теңгеге дейін жеткені, соның ішінде бизнеске берілген кредиттің 13,9 пайызға өсіп, 9,6 триллион теңгені құрағаны жөнінде мәлімет берілді. Жалпы экономикаға бөлінген кредит 2022 жылы 21,7 пайызға өсті. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оның көлемі 28,9 триллион теңгені құрады.

Ұлттық банктің дерегі бойынша былтыр жалпы халықаралық резервтер 1,2 миллиард долларға көбейіп, 90,8 миллиард долларға жетті. Соның ішінде алтын-валюта қоры – 35,1 миллиард доллар, Ұлттық қор активтері – 55,7 миллиард доллар. 2014 жылы біріктірілген уақыттан бері БЗЖҚ зейнетақы активтері кірісінің  жылдық мөлшері  9,33 пайызды құрады.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша Fitch Ratings және S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның «ВВВ» деңгейіндегі дербес рейтингіне қатысты «тұрақты» деген болжамды растады.

Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция, макроэкономикалық және энергетикалық тұрақсыздық әлі де экономиканың негізгі түйткілдері ретінде сақталып отыр.

– Халықаралық ұйымдар Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша жаһандық өсім 2021 жылғы 6,2 пайыздан 3,4 пайызға дейін айтарлықтай бәсеңдейтінін және баға қысымы күшейетінін болжап отыр. Мұның бәрі еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға анағұрлым үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізу қажет екенін білдіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау қорытындысы бойынша Президент жылдық есепті мақұлдады.

Ақорда кз

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАҒАН ШЕШІМДЕР

Айғақ медиа
20.01.2026
0

2023 жылы 17 маусымда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Президенттің айтуынша,...

ҰЛЫТАУДАН БАСТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН МІНБЕР

Айғақ медиа
20.01.2026
0

Ұлттық құрылтай 2022 жылдың 16 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылып, алғаш рет Ұлытау облысынан бастау алған болатын. Биыл...

АТЫРАУ ТӨРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ӘДІЛ ҚОҒАМҒА БАСТАР БАҒЫТ

Айғақ медиа
20.01.2026
0

2024 жылы 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Атырау облысындағы Сарайшықта өткен Ұлттық...

БУРАБАЙ ТӨРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ОРНЫҚТЫ ДАМУҒА БАСТАР ЖОЛ

Айғақ медиа
20.01.2026
0

2025 жылы 14 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан: Бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен ІV отырысы Бурабайда ұйымдастырылды. Президент бұл жиында...

ҚАЗАҚСТАНДА «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТОЛЫҚ КҮШІНЕ ЕНДІ

Айғақ медиа
20.01.2026
0

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң ресми түрде толық қолданысқа енгізілді. Құжатқа қол қойылғаннан кейін өткен 60 күндік мерзім аяқталып, заң...

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.