Шымкентте № 30 бағыттағы қоғамдық көлігі 12 жаңа автобуспен жаңартылды. Аталған бағыт 27 сәуірден бастап қатынайды. Сайрам тұрғындарына 10 кестемен қызмет көрсететін “King long” маркалы автобус бейнекамералармен және салқындатқыш жүйесімен жабдықталған. Айта кетейік, жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылған. Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. Сондай-ақ, күнделікті маршруттарға 877 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...











