Қыста қар күреп, жол тазалаған мамандар Шымкенттің көктемгі көгалдандыру жұмыстарына кірісті. Қала аумағындағы аймақтарды абаттандыру аудан әкімдіктерінің басты жұмыстарының бірі. Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша жол жиектеріне көшеттерді отырғызу қарқынды жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ауданға қарасты жерлерге қара күзге дейін шыдамды жаздық гүлдер егілуде. Олар: петуния, катарантус, сальвия сынды гүлдер.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...












