#125 жалпы орта білім беретін мектебінде арнайы қалалық семинар өтті. Білім беру мазмұнын жаңарту және мектептің оқу тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға 100ге жуық мұғалім қатысты. Шағын құрылтай барысында, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мамандар тренинг және ашық сабақтарды бақылады.
Семинар соңында қонақтар жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар берді. Сондай-ақ, өткізілген жұмыстардың тиімді, шынайы болғандығын, алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Айта кетейік, 2019 жылдан бері жұмыс жасайтын білім ордасында қазіргі таңда 2393 оқушы білім алады.










