Сапалы өнім — қолжетімді баға. Шымкент қаласы Қаратау ауданында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, дәстүрлі жәрмеңкенің ұйымдастырылуы. Тұрандықтар жәрмеңкеге келіп, таза әрі табиғи өнімдер алуда.
Берекелі жәрменкені асыға күткен халық әп сәтте жиналып, сауда жасауда.
Сатушыларда ешқандай делдалсыз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік алғандары үшін дән риза.
Айта кетейік, мұндағы басты мақсат: көтерме сауда және базардағы азық-түлік бағаларымен салыстыра отырып алушыға қолжетімді тауар ұсыну.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










