Шымкентте мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшановтың су жаңа кітабының тұсауы кесілді. “АЙЫРЫЛУ, ТАБЫСУ ЖӘНЕ АРЫЛУ туралы толғам” атты кітабында өмірдің сан тарау өткелдерінде мемлекет үшін қызмет атқарған майталман ардагердің жүректен шыққан жан сыры жазылған.
Талалайларды тәрбиелеген Тшановтың ой толғамы оқырманға жол тартты.
Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарында оңтүстік өңірін басқарған текті тұлға “АЙЫРЫЛУ, ТАБЫСУ ЖӘНЕ АРЫЛУ туралы толғам” деп аталатын кітабы арқылы өткенге салауат айтып, болашаққа аманат еткен. Өмірі талайларға үлгі болар, абыройдың шыңына шыққан ел ағасы Амалбек Қозыбақұлы шығармасында мұнан бөлек өзінің балалық шағынан басталған өмірін баяндаған. Айталық, сұрапыл соғыс кезінде жарық дүниеге келіп, қос ананың мейіріміне малынып өскен тау ұлын ер жігітке тән намыс найзағайы бүгінгі алып шыңға шығарды.









