• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ШЕТЕЛДІК БАҚ-ТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АСТАНАҒА САПАРЫ ЖӘНЕ МҰНАЙ ЭКСПОРТЫНАН ТҮСКЕН ТАБЫСТЫҢ АРТУЫ

06.05.2023
0

Осы аптада шетелдік БАҚ-та Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары, екі елдің одақтастық туралы келісімге қол қоюы, сонымен бірге Қазақстанның мұнай экспортының табысы 50%-ға артуы, Франция Сыртқы сауда министрінің Астанаға сапары туралы мақалалар жарияланды.

Reuters:2022 жылы Қазақстанның мұнай экспортынан түскен табысы 50%-ға өсті

2 мамырда Reuters агенттігі Қазақстанның ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап, еліміздің мұнай экспортынан түсетін табысы 2022 жылы шикі мұнай бағасының өсуіне байланысты 50%-ға артқанын, дегенмен көлемі азайғанын жазады.

«ҚҰСБ мәліметтері бойынша, қазақстандық мұнай экспортының құны 2021 жылы 31 миллиард долларды (65,5 миллион тонна) құраса, 2022 жылы 46,8 миллиард долларға (65,0 миллион тонна) жетті», — делінген мақалада.

photo
Фото: REUTERS/Pavel Mikheyev

 

Trend.az:Қазақстан мен Тәжікстан ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы құжатқа қол қойды

Trend.az басылымы 4 мамырда жариялаған мақаласында Астанада Қазақстан мен Тәжікстанның Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасына қол қойылғаны жөнінде жазады.

«Құжатқа Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ресми делегация өкілдерінің кездесуінен кейін қол қойылды. Сөйтіп президенттер Тәжікстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін көрсету үшін Қазақстанда Тәжікстан мәдениеті күндерін өткізуге келісті. Сонымен қатар президенттер кездесуінің негізгі бағыттары сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, өзара тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болды», делінген мақалада.

photo
Фото: trend.az

 

Еске салайық, 3-4 мамыр күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген еді.

Azertag.az: Президент Ильхам Әлиев: Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнай көлемін көбейту бойынша келіссөздер жалғасып жатыр

3 мамырда Azertag.azагенттігі жариялаған мақалада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнай көлемін ұлғайту бойынша келіссөздер жалғасып жатқанын айтқан пікірі берілген.

Ильхам Әлиев Шушада ADA университетінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Үлкен Еуразияның геосаясатын қалыптастыру: өткеннен бүгінге және болашаққа» атты 4-халықаралық конференциясына қатысты. Жиынға қатысқан Әзербайжан президенті: «Әзербайжан арқылы Қазақстан мұнайының көлемін ұлғайту бойынша жоспарымыз бар, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздің құбыр инфрақұрылымымыздың мұны жасауға мүмкіндігі бар»,- деді Әзербайжан президенті.

photo
Фото: azertag.az

 

Akipress: Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойды

5 мамырда Akipressагенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, Қазақстан президенті Қасым-Жоомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдер арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойғанын туралы жазды.

«Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында өтіп отыр. Мұның символдық мәні бар. Осы жылдар аралығында қазақ-тәжік ынтымақтастығы ғасырлар бойғы достық пен стратегиялық серіктестік рухында тұрақты дами отырып, айтарлықтай жоғары деңгейге жетті. Екі ел үкіметтерінің сенімді саяси диалогы мен үйлесімді жұмысының нәтижесінде қарым-қатынастардың мазмұны үнемі жаңарып келеді», — деді Тоқаев Рахмонға арнаған бірлескен мәлімдемесінде», — делінген мақалада.

photo
Фото: akorda.kz

 

Anadolu Ajansi: Франция Сыртқы сауда министрінің Астанаға сапары екіжақты әріптестікті дамытуға септігін тигізеді – Қазақстан Президенті

2 мамырда Anadolu Ajansiбасылымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбіде Францияның Сыртқы сауда министрі Оливье Бештті қабылдап, оның елімізге сапары Астана мен Париждің әріптестігін дамытуға елеулі серпін беретінін айтты деп жазады.

«Бұл сапар көптеген саладағы өзара тиімді ынтымақтастығымызға тың серпін береді деп санаймын. Франция – Еуропадағы ең басты серіктесіміз. Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға мүмкіндігіміз мол екеніне сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында»,-делінген агенттік мақаласында.

photo
Фото: akorda.kz

 

The Sydney Morning Herald:Аустралиялықтар арасында көп танылмаған Азияның футуристік қаласы

Мамыр айының 2-сінде The Sydney Morning Herald басылымында сиднейлік саяхатшы әрі жазушы Бен Грунтуотердің еліміздің бас қаласы Астана жайлы жазған мақаласы жарияланды. Ол өз мақаласында бас қаланың ерекше сәулет өнеріне тоқталып, «Нұр Әлем», «Хан Шатыр», Бейбітшілік сарайы секілді бірегей ғимараттар жайлы әңгімелейді.

«Әлемнің ең ғажайып сәулет орындарының бірі Астанада орналасқанын кім білген? Өз басым ол жаққа бармайынша, білген жоқпын. Қазақстан – таңғажайып жер, онда адамды таңғалдырарлық жерлер өте көп»,-деп жазады саяхатшы.

ҚазАқпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.