
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін және баға динамикасын тұрақты ұстап тұру мақсатында форвардтық келісімшарттар түзуді тапсырған болатын. Яғни, форвардтық келісімшарт деген – алдағы уақыттың бірінде келісім бойынша келісілген мәміле бағасына сай өнімді сатып алуға — сату жөнінде сатып алушы мен сатушы арасында жасалатын екі тараптық шарт. Әдеттегідей, жыл сайын маусым кезінде барлық өңірде бағаның «аспандап» кететіні бар. Мемлекет тарапынан бағаны тұрақты ұстап тұру үшін түрлі шаралар қабылданады. Әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұру үшін сауда орындарымен келісімшарт жасайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін «айналым схемасын» қолдану енгізіле бастады. Схеманың мәні мынада: сауда желілері ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу үшін жеңілдетілген қаржыландыру алады, оның орнына олар осы тауарларды маусымда белгіленген бағамен сатуға міндеттенеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді саудаға емес, басым бағыт ретінде қаржыландыру туралы ұсыныстар бар. Қағидаларға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көкөніс өнімдерін өндіруге байланысты шығындарын алдын ала қаржыландыру үшін пайдалану жоспарланатын «форвард» ұғымы енгізілген. «Көкөніс өнімдерін сатып алуды қаржыландыру форвардтық соманың 70%-дан аспайтын мөлшеріндегі аванстық төлем және белгіленген баға алынып, өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу негізінде жүзеге асырылады. Көкөніс өнімдерін сату басталғанға дейін ауылшаруашылық тауар өндірушілерінде немесе басқа қоймаларда сақтау жоспарлануда. Сақтау шығындарын есептеу аймақтағы сақтаудың орташа құны туралы деректерге негізделетін болады. Осыған орай көктем және жаз айларында көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісімшарттар түзілді. Яғни, ол шаруа қожалықтары, яғни өндірушілер өнім жиналғаннан кейін оның тасымалдау мәселесін келіседі. Мәселен «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлаған. Кәсіпкердің ерте көктемнен басталған еңбегінің арқасында қазір егіс алқабындағы өнім ойдағыдай.
Сондықтан картоп бағасын нарықта шекті суммадан асырмау үшін тұрақтандыру қорынан аталған қожалыққа қаражат бөлінді.
Осы келісімшартқа сәйкес шаруа қожалығының өнімдері наурыз, сәуір айларында бір қалыпты бағаны сақтады. Ал алдағы мамыр, маусым айларында да картоп бағасы осы шектен аспайтын болады. Қазір «Колесников» шаруа қожалығының қоймасында 300 тонна картоп және 150 тонна сәбіз бар, олар өз өнімдерін қалаға жақын орналасқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Александр бағы» қоймасында сақтап отыр. Шаруа алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ұлғайтуды жоспарлауда.
Сондай-ақ келісімшарт негізінде қалада биылғы жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларына 1600 тонна картоп, 1100 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз, 1100 тонна қырыққабат бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада сатылып келеді.
Бұдан бөлек, күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 000 тонна көкөніске форвардтық шарт түзіліп, 2023 – 2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөністер бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге арнайы келісімшарт түзуді жалғастыра бермек.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...









