Шетелге шығып жүрсеңіз төлқұжаттың төрт түсі ғана — қызыл, көк, жасыл және қара болатынын байқаған шығарсыз. Әлбетте сізде неге төрт қана түс және неге тап осы төртеуі деген сұрақ туады. Ал бұл бекер жасалмаған көрінеді.
Қызыл
Төлқұжаттардың ең көп таралған түсі — қызыл. Егер алдыңызда төлқұжаты қызыл түсті адамды көрсеңіз, онда бұл Еуроодақ елдерінің бірінен немесе осы одаққа кіруге тырысып жатқан елдікі: Түркия, Албания немесе Македония азаматы. Сонымен қоса, қызыл түс бұрын немесе қазіргі таңда да коммунистік жүйедегі елден: Қытай, Румыния, Сербия, Словения, Грузия және әлбетте Ресейден.
Көк
«Жаңа әлемнің» символы көк түс — таралым жағынан екінші орында. Кариб бассейніндегі 15 елдің төлқұжаты осындай түсте. Ал 1976 жылдан бастап АҚШ азаматтарында да осындай құжат. Сонымен қоса, Аргентина, Бразилия мен Парагвайдың көк түсті төлқұжаттары бұл елдердің оңтүстікамерикалық Меркосур сауда одағында екенінің белгісі. Қазақстан азаматтарының төлқұжаты да осы түсте.