Қазір қалада әр бұрышта тауарын сатып отыратын саудагерлер көп. Олардың бұл кәсібі көбіне заңсыз да болуы мүмкін. Сондықтан, оларға саудасын жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында «1000 сауда нүктесі» жобасы қолға алынған еді. Бұл жобаның бір артықшылығы – жерді жалдау құнының арзандығында. Бірақ кәсіпкерлерге берілген жер учаскелерін жер инспекциясы департаментінің тарапынан сот арқылы жарамсыз деп танылуда.
«Шымкент» ӘКК» АҚ қоғамның мәліметтері бойынша жобаны іске асыру аясында «1000 сауда нүктелері» көшедегі сауда орындарын орналастыру және қызмет көрсету үшін 48 жер учаскесі 10 жылға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген.
Жер учаскелер кіші кәсіпкерлердің барлығына қол жетімді болу үшін конкурстық негізде табыс етілген екен.
Департаменттің соттағы негізгі уәжі – ол жер учаскелері аукцион өткізілмей берілген делінген. Алайда, Департаментпен бұл жобамен жер учаскесі кәсіпкерге сатылмайтыны, жалға берілмейтіні, яғни сенімгерлік басқаруға беру арқылы толығымен мемлекеттік меншікте қалатыны ескерілмеген.