Тұран ауданында жол құрылысы өзекті проблема. Әсіресе Құрсай елдімекеніндегі ішкі көшелер мен Алматы тас жолының жағдайына тұрғындар наразылық танытып келеді. Бұл мәселеге Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков баспасөз отырыссында өз жауабын берді. Айтуынша, биыл Құрсайдағы 40 көшеге шағал тас төселмек. Бұдан бөлек, тұрғындардың өтініші бойынша өзге елді мекендердегі 45 көшеге де тас төсеу жоспарда екен. Бұдан бөлек 19,1 шақырымды құрайтын 29 көше орташа жөндеуден өтеді екен. Ал Алматы тас жолына қатысты мәселе қолға алынбаған. Әкімнің айтуынша, бұл мәселе 2025 жылға дейін шешіліп қалуы ықтимал екен.
ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...










