7-сәуір Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында ресми түрде еске алу және батылдық күні болып саналады. Осы күнге орай, Шаһарымызда Тәжік-Ауған шекарасында интернационалды борышын өтеу барысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алу жиыны өтті.
Шараға Жауынға қарамастан бір топ қауым жиналды. Кеудесіне алтынға бергісіз, ерен еңбек медальдарын тағынып, соғыс көрген батырларда болды. Іс-шара барысында ардагерлер мен әскери бөлім қызметкерлері қаза болған майдангерлерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, арнайы Құран бағыштады. 
1995 жылы 7 сәуірде қызметтерін атқарып туған елге қайтқан кезде Пшихавр шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауына түсіп қалады. Төрт сағатқа созылған жаудың күші басым ұрыста 17 әскери қызметкер оққа ұшып, 33-і жараланған еді. Тәжік-ауған шекарасы арқылы елімізге енгісі келген моджахедтермен тойтарыс барысында, Ішкі әскердің қайсар ұлдары, батылдық пен ерліктің үлгісін көрсетті.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...










