Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарын баяндап брифинг өткізді. Әкімнің сөзіне сенсек, Аудан аумағындағы тұрғын алаптарында электр қуаты және табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде екен. Яғни, 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады және 28 көшені жарықтандыру жоспарда бар,- деді әкім.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп, биыл ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше жөнделеді. Бұдан бөлек, “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында қолға алынған шараларға тоқталды.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...









