Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін аутист балаларға қызмет көрсететін “Қамқорлық” орталығы ашылды. Қайырымдылық жобасына қала әкімшілігі қолдау көрсетіп, “Қазақстан халқына” қоры және “Самұрық қазына” АҚ бірлесіп демеушілік жасады. Орталықтың ашылуына арналған жиында демеуші қорлардың өкілдері және қала әкімі арнайы сөз сөйлеп, балаларды емдеуде мекеменің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара қонақтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтың жұмысымен толық танысып, балалардың ата-аналарымен тілдесіп, пікірлерін тыңдады.Бұған дейін жеке мекемелерде ақылы ем қабылдап жүрген балалар, енді тегін қызмет түрлерін алатын болады.
Айта кетейік, Орталықтың сыйымдылығы 110 балаға арналса, қазір 40-қа жуық бала ем алуда.
ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...














