Наурыз мерекесіне орай, Шымкенттегі Арбат алаңында «Жайлау күні» іс-шарасы өтті. Шара барысында, қала тұрғындары мен қонақтарына оқушылардың қолынан шыққан құс ұялары көрсетіліп, «шеберлік сыныптары өткізілді.
Шымкент қаласы мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесінің онкүндгі аясында өткен шара Арбат алаңындағы «Жайлау күні» іс шарасымен жалғасты. Мерекелік жиын аясында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты жалпы орта білім беретін мекеме оқушыларының өз қолдарымен жасалған құстар ұясының көрмесі ұйымдастырылды. Басты мақсат — Табиғаттың адамхат өміріндегі алатын орнын айшықтап, балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілігін оятып, оларға қамқор жасауға машықтандыру болып отыр.
Шара барысында, көпшілік назарына тіршіліктегі табиғат пен адам арасындағы байланыстың маңыздылығы түсіндіріліп, барлық жан жануарлар мен құстарға үнемі қамқор қажет екені айтылды. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына қяның жасалау жолдары мен әдістері туралы шеберлік сыныптары өткізілді. «Жайлау күні» атауымен өткен шара соңында, келушілерге ән-биден шашу шашылып, түрлі танымдық ойындар ұсынылды.









