12 наурыз күні Шымкенттегі толассыз жаңбырдан су жиналған орындар тазаланды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты шаһардағы әр аудан аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар мен әкімдік қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр. Мәселен Абай ауданына қарасты бірнеше көшедегі ирригация жүйесін тазалауға 80 жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылып, арық атыздардың бітелген жерлерін ашты. Қазіргі таңда аудан аумағынан ағып өтетін каналдармен өзендерден тұрғын үйлерге келетін қауіптер бақылауға алынып, қадағалануда. Сонымен қатар, Тұран ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасымен құммен қапталған 1000 қап дайын және қосымша қапталынатын 500 қап бар.
Бүгінгі күнде, Тұран ауданы бойынша су басудың алдын алу мәселесі толық дайын.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...













