Шымкент шаһарының тұрғындары мен қонақтары бұл жылғы мерекені ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Үшінші мегаполистің Астана алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен “Шырқа Наурыз” гала-концертімен жалғасын тапты. Кеште Қазақстанның халық әртісі,Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов пен халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары Ақбота Керімбекова,Қыдырәлі мен Қарақат бастаған бір топ эстрада жұлдыздары ән шырқап,тыңдармандарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Мерекеге шашу ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны тамашалауға келген жұртшылықтың қарасы қалың болды.Еңбектеген бала мен еңкейген қартта алаңда. Қазақ халқының Жаңа жылы, Әз-Наурыз мерекесінің осылай аталып жатқандығына өңір тұрғындарыда дән риза.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...












