Шымкентке Павлодар қаласынан Рингостар Цирк өнерпаздары келді. Өткен демалыс күндері фосфоршылар мәдениет үйінің маңайында цирк өткізіп, көпшіліктің көңіл күйін көтерді. Айта кетейік цирк өнерпаздары 2-сәуірге дейін қала тұрғындарын фосфоршылар мәдениет үйінің маңайында күтетіндерін жеткізді. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы гастрольдік сапар аяқталса, жалғасы оңтүстік аймақтың аудандарында табатынын да айтып өтті.









