Шымкент қаласында тұрғын үйлердің сапасын арттыру үшін — тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісім шартты күшейту қолға алынған.Бұдан бөлек әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге ұлғайту, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, сондай-ақ құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру қарастырылыпты. Бұл жүйе жүзеге асса тұрғын үй сапасы жақсарады екен.Бұл туралы Шымкент қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Баимбетов мәлімдеді. Айта кетейік, 5 жылдық Кепілдік мерзіміне сәйкес 1210 пәтерден кемшіліктер анықталған.Атап айтқанда: Тұран шағын ауданындағы 724 пәтерден кемшіліктер анықталып, 698 пәтер қалпына келтірілген. 26 пәтер жөнделу үстінде. ӘІО-да 165 пәтерден кемшіліктер анықталып, 160 пәтердің кемшіліктері қалпына келтірілді. 5 пәтер орындалу үстінде екен. Ал Шымкентсити ш/а 321 пәтерден кемшіліктер анықталып, 312 пәтер қалпына келсе,9 пәтерге жұмыс жүргізілуде екен.









