Шымкентте реновациялау бағдарламасы аясында 6 тұрғын үйді бұзу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда оны жүзеге асыру бойынша “Шымкент” Әлеуметтік корпорациясы инвесторлармен келісім жасау үстінде. Ал бүгін Еңбекші ауданына қарасты тозығы жеткен үйді бұзуға тұрғындардан рұқсат алып, инвесторлар іске кіріскелі отыр.









