Үшінші мегаполистегі Бозарық шағын ауданында бой көтерген жаңа атшабар Әз-наурыз мейрамы қарсаңында іске қосылмақ. Дәл қазір онда мейрамға дайындық қызу жүруде. Атшабар маңында Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар киіз үй тігіп, мейрамның қамына кірісті. Айта кетейік, мұнда ұлыстың ұлы күнін тойлау 20 наурыздан басталса, 21-22 наурыз күндері жалғасын табады.










