• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 71 ЖАҢА АВТОБУС ТАПСЫРЫЛДЫ

18.03.2023
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жан-жақты жағдай жасау, алаңсыз білім алуына қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын, деп хабарлайды.  Осыған орай, Наурыз мерекесін атап өту жөніндегі онкүндік аясында Түркістанда ауыл мектептеріне арнайы 71 автобус беріліп отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа автобустардың кілтін тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы облыс әкімдігінің басты назарында екенін жеткізді.
– Алдымен баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Білім саласын дамытуда Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Жуырда ғана өңірде 1 мыңыншы мектеп ашылды. Облыста білім ұялары тапшылығын жою бағытында жұмыс жалғасады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 60-тан астам білім ұясы салынады. «Балалар жылы» аясында заман талаптарына сай автобустардың 101-і Түркістан облысының балаларына бөлінді. Бүгін сол автобустардың 71-і ел игілігіне тапсырылды. Тұрғындармен кездесулерде де осы мәселе көтерілетін. Өтініштер орындалды. Әсіресе, өңіріміздің таулы аймақтары мен шалғай елді мекендері бар аудандарында қауіпсіз тасымал мәселелері шешіледі. Ендігі кезекте оқу сапасын арттыруға басымдық беру керек. Білімді ұрпақ қана әділетті қоғамды орната алады. Бұл ретте білім саласындағы жемқорлықпен күресті күшейткен жөн. Жауапты орган басшыларына да ұсыныс берілді. Қоғамның бұл дертімен өзім бастап күресемін және жауапты басқармаға, білім бөлімі басшыларына да әділдікті сақтауды тапсырамын. Жаңа автобустар оқушыларымыздың игілігі үшін қызмет етсін! – деді Дархан Сатыбалды.
«Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу» инвестициялық жобасы аясында 2022 жылы Түркістан облысына қажетті 101 мектеп автобусын лизинг тәсілімен алу үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасалған.
Бұл автобустар облыстағы тасымалданып оқытылатын 56 ауыл мен бастауыш сыныптары ғана бар 124 елді мекендегі 15 мыңнан астам баланы тасымалдайды. Бұған дейін балаларды мердігерлер есебінен – 169 автокөлік және мектеп баланысындағы 19 көлік тасымалдап келген еді.
Қолданысқа берілген 101 автобустың 71-і 20 орындық болса, 30-ы – 38 орындық. Жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, оқу сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Ыңғайлы әрі ықшам қоғамдық көліктер аудандардағы тасымалданатын оқушылар санына сәйкес үлестірілді. Ең көп автобус Келес, Төлеби, Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш және Түлкібас аудандарына жолданды.
Previous Post

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 14 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Next Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҰҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫ ФОЛЬКЕР ТЮРКПЕН КЕЗДЕСТІ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.