Шымкентте алғашқы шетелдік көлік заңдастырылды.
Есенгелді Досболов алғашқылардың бірі болып темір тұлпарын заңдастырды.Ол 2022 жылы Армениядан әкелінген көлігін «Арғымақ» ХҚО тіркеген.
Еске салайық, бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдаланып, көлігін заңдастыруға өтініш бере алады.