Бұған дейін «Amanat» Партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келген, облыстық мәслихаттың депутаты Бейсенбай Тәжібаев мемлекттік қызметтің тізгінін ұстады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Дархан Сатыбалдының өкімімен ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Бейсенбай Дәулетұлы еңбек жолын «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттерінің журналисі болып бастаған. Ол әр жылдары ҚР «Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК директоры-бас редакторы, «Айқын» газетінің Астана қаласы тілшілер бюросының басшысы, «Елорда «Астана журналы» ЖШС редакциясының бас редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы, Түркістан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы, «Amanat» Партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметтерін атқарды.