Абай ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен сенбілік өтті. Шара барысында ауданға қарасты Ақтас тұрғын алабы аумағындағы жол бойына 3000-ға жуық ағаш отырғызылды.
Ағаш отырғызу — атадан қалған мирас. Осындай игі шаралардың бірі Абай ауданы әкімдігі бастаған Жастар Ресурстық Орталығы жастары мен Варшава келісімі бойынша әскери қызметін өтеген «Мұрагер» ардагерлер ұйымының қолдауымен жүзеге асты. Көгалдандыру жұмысына үлес қосу мақсатында бас қосқан 200-ге жуық еріктілер 3000 мың қара тал көшетін отырғызды. Абай ауданына қарасты қоқыс полигоны аумағында егілген ағаштар алдағы уақытта күтіп бапталып, тиісті түрде назарда болады. Осындай игі бастамалардың басы қасында жүрген қала жастарының бірі -Гүлбибі Құдайберген. Оның айтуынша, қала жасыл желегінің дамуына жастардың қосар үлесі мол. Шымкент — жасыл желекті қала. Қаланың көркіне көрік өосу үшін тыныдырымды жұмыстар көптеп қолға алынуда. Сондықтан, бұл игілікті шарада Әскери ардагерлер де ат салысты.