Шымкентте Еңбекші ауданының әкімдігі қала дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Салтанатты шара шаһарымыздағы 12шағын ауданында өтті. Алқалы жиынға аудан әкімі Досбол Есілбек қатысып, жиналған бұқараны мерекемен құттықтады.

Еліміздің тұтқасы өрліктің нұсқасы болған тәуелсіздігіміздің негізін қалаған республик күні қаламызда кең көлемде тойлануда. Атаулы мереке Еңбекші ауданында да өз жалғасын тауып, бірқатар азаматтар мемлекеттік алғыс хат және төсбелгімен марапатталды.
Ел дамуы үшін елеулі еңбек етіп келе жатқан Бақытжан Қалдыбеков ерен еңбегі үшін медалімен наградталды. Мегаполисіміздің өсіп өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген азаматтың, бүгінгі қуанышында шек жоқ.
Салтанатты шарада шаһарымыздың саңлақтары өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді.Жезтаңдай әншілер мен мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салса, әртүрлі аспапта ойнаған күйшілер тұрғындар көңілін көтерді.









