Биыл қазақ театрының негізін салушылардың бірі режиссер, драматург, актер Жұмат Шаниннің 130 жылдық мерейтойы. Осы атаулы датаға орай, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында, ұлттық өнердің дамуына сүбелі үлесін қосқан тұлғаның туыстарымен кездесу ұйымдастырылды. Мереке шымкенттік тарихшылар, режиссерлер, заманауи драматургтер және басқа да зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен басталды. Көрермендер осындай біртуар тұлғаның жетістігін саралап, оның мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттап, атақты режиссер туралы фильм түсірмекші. Қазақстанның тұңғыш халық әртісі Жұмат Шанин 1892 жылы Баянауыл өлкесінің желтоғында дүниеге келеді. Ежелден өнер қонған өлкенің тумасы болғандықтан болар, жастайынан ән мен күйге бейім болып өседі. Қара жұмысқа жеңілседе, арасында жәрмеңке аралап, үлкенді кішілі өнер иелерінің қасында болыпты. Шарада Ж.Шаниннің тікелей ұрпағы режиссер Шанин Болат Қасымханұлы мен Шанина Жанат Қасымханқызы Астана қаласынан арнайы келді. Режиссердің өмір жолы мен шығармашылығынан біршама тың ақпарат беріп, оқырман қауыммен сыр-сұхбат жүргізді. Театр майталмандары, кітапхана оқырмандарымен келелі кездесу барысында қазақтың тұңғыш кәсіби режиссеры туралы естеліктер айтылып, арнайы қойылым қойылды. Оның өмір жолы мен өнерге деген, жанашырлығы талқыланды. Саналы ғұмырын театрға арнаған қайраткер, қазіргі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық, опера және балет театрында Ғабит Мүсіреповтын Қыз Жіюек қойылымын сахналаған адамдардың бірі болатын. Сонау нәубет заманда қуғын сүргінге ұшыраған ұлт қаймақтарының бел ортасында Жұмат Шанинде болды.Тұңғыш ұлттық театрдың негізін қалап, кәсіби биік деңгейге көтерілуіне, дейін тер төккен тұлғаның есімі, қазақ өнерінің тарихында алтын әріппен жазулы.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...










