Шымкентте үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосты. Олар жыл басынан бері атқарып келе жатқан жұмыстар барысын баяндап, пікір алмасты. Алқалы жиында «Көк тудың желбіргені» форумының жеңімпаздары да марапатталып, құрмет-қошеметке бөленді.
Бүгінгі жастар — еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу -төл міндетіміз. Соның бірі-патроиоттық тәрбие. Қаламызда отансүйгішітікті насихаттап, рәміздерді құрметтеуге шақырып жүрген Бейсенкүл Нарымбетованың еңбегі ерен. Ол «көк тудың желбіргені» форумының бастамашысы. Биыл мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай үкіметтік емес ұйым өкілдері айрықша үлес қосты.

Ербол Асылбеков қаламыздағы №21 жалпы орта мектебінде тарих пәнінен дәріс береді. Әлеуметтік желіде белсенді азамат байқау жайында кездейсоқ пост көрген. Көп ұзамай, сайысқа қатысуды шешіп, ұйымдастырушылардың сынынан сүрінбей өткен ол — 19 мақала жазған.
«Үздік пост, іс шара, бейнеролик» байқау бойынша қатысушылардың саны ұйымдастырушылардың күткенінен де әлде қайда көп болған. Шын мықтыны анықтау оңайға соқпағаны желідегі жазбалардан мәлім. Дегенмен үздіктер анықталып, халық ықыласына бөленді.









