Шаһарымызда “КЛИНИКАЛЫҚ НЕВРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХИАТРИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш жиынға Түркия және Англия мемлекетінің сондай-ақ еліміздің ең жоғары санаттағы дәрігер мамандары қатысып, тәжірбиелерімен бөлісті.Шараның мақсаты жергілікті ақ халаттылардың біліктілігін арттыру.
Аталмыш халықаралық конференция Жүйке жүйесінің қимыл қозғалыс бұзылыстарының кейстерін талдау бойынша өткізіліп отыр.Мамандардың айтуы бойынша миллионнан астам тұрғыны бар мегаполиске арнайы осы ауруларды емдейтін орталық ашу қажеттігін айтады. Мәліметтерге сүйенсек ауруханада диагнозы нақтыланбай жатқан 50 ге жуық науқас тіркеуде тұр. Үшінші Мегаполисте 1000-нан астам жүйке – бұлшықеттік тұқым қуалайтын және сирек кездесетін ауру түрлері бар. Соның бірі 22 жастағы науқас қыз. Ол осы диагноз түрімен 2009 жылдан бері арпалысып келеді. Тәжірбиелі дәрігерлердің тексеру кезінде
науқастың жағдайы пассивті, сырттан көмек қажет, мүгедектер арбасында қозғалады, аяқтарында ісіну байқалды. Әжесінің айтуынша, қозғалыс координациясының бұзылуынан, тамақ ішкенде тұншығуы, құлағанда аяқтың қабаттасуы салдарынан әлсіздік пайда болады дейді. Отадан кейінгі күтім ең басты мәселелердің біріне айналып отыр. Отаның сәтті өтуі тек қана хирург мамандарға қатысты мәселе емес, отадан кейін науқастың күтіміне де байланысты. Науқасқа көмек бір ғана маманның емес, жалпы жауапты мамандардың бірге жұмыла жасайтын іс-әрекеті. Бүгінгі конференцияда осы бағытта науқастарға түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...










