Күнделікті дастарханыңыздағы «Чак- чак» қай елдің тағамы екенін білесіз бе? Бұл тәтті өнімдерден дайындалатын дәстүрлі татар-башқұрт тағамы. Қалалық “Достық үйінде” өткен шара барысында “чак-чак” тағамына көрме өткізілді. Қонақтарға татар — башқұрт халқының тілі мен мәдениеті, салт- дәстүрлері, ұлттық тағамдары жайында, деректі фильм көрсетілді. 11 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шара, осы жолы Республика күніне орайластырылған.Татар халқы ежелгі заманнан бері нанды жақсылықтың символы ретінде қастерлеген. Егіннің аяқталу құрметіне арналған халықтық мерекелердің бастауы осыдан шыққан. Біз білетін чак-чак — татар-башқұрт халқының негізгі тағамдарың бірі. Ал «Чак-чак байрам» мерекесі бүгінде дәстүрге айналған.Байрам сөзін аударғанда мереке ұғымын, ал Татарстандағы чак чак қонақжайлылықты, ұйымшылдықты, мейірімді достықты білдіреді. Мақсат Татар-Башқұрт халқының бұрыннан келе жатқан ұлттық тағамдарын ұлтқа дәріптеп, келешек ұрпаққа жеткізу.
Қалалар мен облыстардан татар-башқұрт орталықтарынан шығармашылық ұжымдар келді. Шара соңында Шымкент қаласының қоғамдық — саяси дамуына үлес қосып жүрген татар башқұрт этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенді мүшелеріне қала әкімі тарапынан “Алғыс хаттар” табысталды.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...









