“Жасыл” экономика болашаққа апарар жол. Нобель сыйлығының лауреаты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жұмыс істейтін болды. «Рае Квон Чунг орталығы» жасыл технологиялар және климаттық өзгерістердің , Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы институты болмақ. Профессор Рае Квон Чунг-жаһандық сарапшы және жасыл өсудің жақтаушысы. Чунг мырза ондаған жыл бойы климаттың өзгеруін зерттеп, “жасыл” экономика арқылы тұрақты дамудың тәсілдерін қолданудың, тиімділігін айтып келеді. Оның климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың жұмысына қосқан үлесі үшін 2007 жылы Нобель сыйлығымен марапаттаған. Бұл әсіресе ғылыми — зерттеу университетіне ауысу барысында бизнес-ортамен интеграцияланған ғылымды дамытудың жаңа моделін құрмақ. Орталық Орталық Азия елдерінің жаңа климаттық экономика бағдарламасын әзірлеумен айналысады. Халықаралық ұйымдармен және бизнес субъектілерімен Климаттық экономика қағидаттарын енгізу бойынша, өзара іс-қимыл жасайды. Ал, шетелдік ұйымдар тарапынан гранттық қаржыландыруды тартатын болады.
Бұдан басқа магистрлік және PhD бағдарламалары үшін жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобалар, жаңа білім беру бағдарламалары, оқу материалдары әзірленетін болады. ОҚУ жанынан осындай орталық құру — оңтүстік өңірдің экономикасындағы университеттің өсу нүктесі болмақ.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...










